Тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті

559
Фото авторы А.Нұршанов

Облыстық білім басқармасына қарасты “Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының” ұйытқы болуымен  қосымша білім беретін қызметкерлердің тамыз педагогикалық кеңесінің аясында секциялық отырысы өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

“Төртінші ғылыми-техникалық революция жағдайында ғылым мен техникалық шығармашылықты дамыту” атты жиынға үйірме жетекшілері, педагогтар, “Жас техниктер станциясының” басшылары мен қызметкерлері қатысты. Аталмыш шараның мақсаты – үйірме жұмыстарын нығайту, оқушылардың  ғылыми-техникалық бағыттағы шығармашылық мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Жиын барысында кәсіби мамандар “Радиомен басқарылатын модельдер мен автомобильдер, ұшақтар, кемелер және басқа жабдықтарға арналған басқару жүйелері”, “Инновациялық жобаларды робот техникасын қолдана отырып іске асыру”, “Радиотехниканы оқыту барысындағы жаңа қағидалар”, “IT технологияларды күнделікті өмірге енгізу” сынды шеберлік сабақтарын өткізді.

Фото авторы А.Нұршанов

Облысымызда техникалық шығармашылық бағытта балаларды қамту деңгейі 0,02 %. Бұл төменгі көрсеткіш. Оның басты себебі, қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталмауы, мамандар санының жетіспеушілігі, ата-аналардың балаларының үйірмеге қатысуына немқұрайлы қарауы. Көптеген оқушылар тіпті мектепте робототехника, IT технология  үйірмелері  барынан хабарсыз. Біз бүгін осы мәселелер жөнінде кеңінен талқылаймыз. Алдағы уақытта осы олқылықтарды болдырмау үшін атқарылатын жұмыстар легін саралап, жоспарлармен бөлісеміз”-дейді орталық басшысының орынбасары Айнұр Мүсәпірова.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK