Ресей циркі Талдықорғанда

408
Дереккөз

Ресейдің Сібір өңірінен  келген  жылжымалы “Шапито” циркі кезекті гастрольдік сапармен Талдықорғанға табан тіреді. Қалалық әкімдіктің қолдауымен күні кеше 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балалар мен “Қамқор” үйінің тәрбиеленушілеріне тегін қойылым қойды.

Дереккөз

Балалар әртістермен қосыла өнер көрсеткен Африка арыстаны, Гималай аюы, көңілді иттер, тотықұс, күзен мен ойнақы маймыл сынды қолға үйретілген жыртқыш аңдардың қойылымын тамашалады.  Сонымен қатар, акробаттар мен  сайқымазақтардың өнеріне, лазерлік шоуға куә болды. Тәжірибелі артистер жиналған қауымды таңқалдырып, таңдай қақтырды.

Дереккөз

Галина Паршина, цирк әкімшісі: Ұжымымыз облыс орталығында 19 тамызға дейін қала тұрғындары мен бүлдіршіндерге өнер көрсететін боламыз. Бүгінгі қайырымдылық шарасын өткізуіміздің мақсаты -балалардың көңілін көтеру, оларға шексіз қуаныш сыйлау.

Гүлбану Рахымқызы, қала тұрғыны: Бүгінгі күніміз көңілді өтті. Жан-жануарларды көргенде балалардың қуанышында шек болмады. Олардың жүздеріне үйірілген күлкіні көріп, біз де бақытқа кенелдік. Осындай қуанышты сәтті сыйлаған әкімдік пен цирк әртістеріне алғысымды білдіремін.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK