Талдықорған жылу маусымына 80 пайыз дайын

427
Фото авторы А.Нұршанов

Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев 2018-2019 жылдардағы шаhардың  жылу  беру маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.

Фото авторы А.Нұршанов

Қаламызда 9 жылыту қазандығы жұмыс істейді. Барлығында дерлік дайындық жұмыстары  қарқынды жүргізілуде. Дастан Тұрарбекұлы бірнеше нысанды аралап, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар легімен танысты. Биылғы маусымға 211 мың тонна көмір қажет деп табылса, бүгінгі таңда 16 мың тоннасы қоймаға жеткізілді. Ал, жеке үйлердің тұрғындарына жоспарланған 194 мың тонна көмірдің 36225 мың тоннасы дайын.

Фото авторы А.Нұршанов

Айта кетейік, қаладағы 75 білім беру мекемелерінің — 66, 748 көпқабатты тұрғын үйдің — 705, 14 мәдениет нысандарының — 9 орталық жылытуға қосылған.  Шаhар басшысы “Әзірлік жұмыстарын өзім көріп шықтым. Дәл қазір жылыту маусымына 80 % дайынбыз. Тамыз айы мен қыркүйекте 30 мың, қазанда 20 мың тонна көмір жеткізу жоспарлануда. Барлығы кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Назардан тыс қалдырмай, үнемі бақылауда ұстаймыз-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK