Жерлесіміз премьер-министрдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

556
Дереккөз

Зарина Нұрланова премьер-министрдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол 1986 жылы Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы UBIS университетін «Іскерлік әкімшіліктендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын 2009 жылы «Arna Media Advertising» ЖШС менеджері ретінде бастаған. Сондай-ақ,  «Қазконтент» АҚ атқарушы, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен, Еуразиялық интеграция институтын басқарған,  ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK