Halyk және Qazkom

179
Дереккөз

«Қазақстан Халық банкі» АҚ мен «Казкоммерцбанк» АҚ біріктіру аяқталды. Казкоммерцбанктің барлық мүлік, құқықтары мен міндеттері Халық банкіне табысталды.

Сонымен қатар, Халық банкі мен Казкоммерцбанктің барлық қажетті технологиялық жұмыстары аяқталғанына орай аталмыш банктердің клиенттеріне енді Халық банкінің барлық филиал мен бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін болады.  Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова  «Біз бір жарым жылдан аса уақытқа созылған үлкен процесті аяқтадық. Халық банкі мен Казкоммерцбанктің бірігуіне қатысты шаралардың барлығы толық көлемде аяқталып отыр. Енді Халық банкі мен Қазақстандағы қаржы секторларының барлығында жаңа кезең басталады. Халық банкіне миллиондаған адам сенеді, сондықтан біз олардың үмітін ақтау үшін барлық жағдайды жасаймыз», — деп хабарлады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK