Қазақтың дүлдүл ақыны Сара Тастанбекқызына арнап 1993 жылы бой көтерген Талдықорған қаласындағы ескерткіш бүлінді. Нақтырақ айтсақ, жеке кәсіпкер Нұралы Жабықбаевтың қаржысына тұрғызылған ескерткіштегі домбыра ұрланды.

Мыс пен мырыштың қосындысынан (латунь) жасалған ескерткішке 2006 жылы да ұрылардың көзі түсіп, нұқсан келген болатын. ҚІІБ ЖПҚ бастығы, полиция полковнигі Т.Базиевтің айтуынша, қалалық жергілікті полиция қызметкерлері Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесе арнайы жоспар бойынша іздестіру операциясын жүргізуде. Дегенмен, жергілікті билік өкілдері ескерткішті қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Өз тілшіміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK