2017 жылдың 1-желтоқсаны мен 2018 жылдың сәуірі аралығында Талдықорғанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекте тұрған азаматтардың тізіміне инвентаризациялау жұмыстары жүргізілді.

«Бұл жыл сайын өткізілетін жұмыс. Ережеге сәйкес, кезекте тұрған азаматтар жергілікті атқарушы органға құжаттарын тексеруге беруі керек. Бірақ, 800-ден астам баспана кезегінде тұрған азамат құжаттарын өткізбеген. Егер олар құжаттарын қайта тексеруден өткізбесе, баспана кезегінен алынады» дейді Талдықорған қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Қыстаубаев.

Егер өзіңізді осы тізімнен тапсаңыз, Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабарласыңыз. Мекен-жайы: Абай көшесі, 241, № 101 кабинет. Байланыс телефоны: 24-23-31.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK