Архив ісі – мемлекеттік ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалар қызметінің ұлттық архив қорын қалыптастыру, архив қорлары мен коллекцияларды құру, олардың сақталуы мен пайдалануын ұйымдастыру саласы.

Мемлекеттік архивте құжаттардың пайдаланылуын ұйымдастыру төменде-гідей жүзеге асырылады: мекемелерге  ақпарат беру және тақырыптық сұранымдарын орындау, әлеуметтік–тақырыптық сипаттағы сұранымдарды орындау, пайдаланушыларды қажетті құжаттармен қамтамасыз ету. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік меке-месі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемле-кеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

3) www.e.gov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабардар етіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нә-тижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушыға, «Аза-маттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында архивтік анықтамаларды беру;

2) порталда – архивтік анықтамалар-дың дайын екені туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік – құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі архивтік құжаттар негізінде көрсетіледі: еңбек өтілі мен еңбекақысының мөлшерін, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық наградалары мен марапатталуын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылуын, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал – жағдайы актілері, мүліктік құқықтар туралы растау.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

жеке басты куәландыратын құжат және сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

 көрсетілетін қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтерді, сондай-ақ ЖСН, почталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып, еркін нысанда толтырылған өтінім;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мем-лекеттік корпорациясына:

 жеке басты куәландыратын құжат және сенім білдірілген адамның өкілет-тілігін растайтын құжат (көрсетілетін қыз-метті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) порталға:  көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ – мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Архив ісі саласындағы «Архивтік анықтама беру тәртібі» арнайы стандартқа негізделіп, Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай жүйеде жүзеге асырылады.

 Разия Қожабекова, «Талдықорған мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және пайдалану бөлімінің басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK