Қыс-қыр астында. Тұрғын үйлері мен ғимараттары сән-салтанатымен сап түзеген Талдықорған қаласының алдағы қыс маусымына әзірлігі қандай? Өзекті сауалға нақты жауапты «Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімі» ММ басшысы Нұрлан Қыстаубаевтан алған едік.

Шаһар халқын жылумен қамту ісі қуаты әр түрлі 9 жылыту қазандығы арқылы атқарылып, сағатына 426,5 Гкал жылу беріледі. Жылу беру маусымына дайындық ерте көктемде басталып кеткен. Бүгінде қызу жүріп
жатыр. «Талдықорғанжылусервис» КМК кәсіпорны өз қара-жаттары есебінен қазандық аумағында жиналған қалдық-тарды арнайы орындарға тасымалдаумен қатар 5,088 км құрайтын жылу жүйелеріне күр-делі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жалғас-тыруда. Атап айтар болсақ:

  1. «Басқуат» жылыту орталығының 3 су жылыту (№1, 3, 4) қазандығына күрделі жөндеу, 4 («№2 су жылыту, №1, 2, 3 бу) қазандығына ағымдағы жөндеу;
  2. №1 жылу орамының 3 қазандығына және қосымша жылу жабдықтарына ағымдағы жөндеу;
  3. №4 жылу орамының 3 қазандығына және қосымша жылу жабдықтарына ағымдағы жөндеу;
  4. №18 (5) жылу орамының 4 қазандығына және қосымша жылу жабдықтарына ағымдағы жөндеу;
  5. №6, 7 қуаты шамалы жылу қазандықтарының 7 қазандығына және қосымша жылу жаб-дықтарына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, су сору станциялары мен жылу құдықтарына және басқа да жылыту кешендеріне 2018/2019 жылдарға жылу маусымына дайындық барысында қарастырылған шаралар бойынша әзірліктер жүргізілуде. Сонымен қатар, қатты және сұйық отын сатып алу ісі қатар атқарылып, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілген жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу жоспарланған. Алдағы қысқа жалпы, кәсіпорындарға 230 мың тонна көмір дайындалуда. Жылумен қамту нысандарына 806,3 тонна көмір жеткізілген.  Жекеленген тұрғындардың көмірге сұранысы 194 мың тоннаның үстінде. Қазіргі кезеңде оның 30 498 тн. халықтың қолына тиіп, қаламыздағы көмір қой-маларында 552 тн. көмір қалғандығы анықталған. Тасымалдау ісі жалғасуда. Үш күннің аралығында қосымша 2415 тн. көмір келетіні белгілі болып отыр.

«Жетісу су жүйесі» ҚМКК мекемесі де қысқа сақадай-сай әзірленуде. Қала халқын ауыз сумен үздіксіз қамту мақсатында маңызды нысандардың қысқа дайындығы пысықталып, жөндеу жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде, жоспарланған ша-
раларға сәйкес, 0,098 км. су құбырына, 91 ысырма-бұрау қондырғысына, 55 дана су айыру колонкасына, 40 дана бұрандаға ағымдағы жөндеу жүргізілген. Қалыптасқан кестеге сай су құбырларының 267,1 км тазалаудан өткізіліп, су жүйелерін шаю ісі қолға алынған. «Шығыс (Восточный)», «Бас (Головной)» су жүйелерінің қондырғыларына, кәріз құдықтарына, су сорғыш-тарға ағымдағы жөндеу ісі атқарылған.

Былтырғы қыстың қытымыр аязын ұмыта қоймаған талдықорғандық жеке тұрғындар қысқа  ертерек дайындалуды қолға алып жатқан сыңайлы. Оны күнделікті қала көшелерімен көмір тиеп алып жүйткіп жүрген жүк көліктерінен байқап жүрміз.

 Бағасы  мұнайдың қымбаттауына байланысты тұрақты сақталмайтын көмірге сұраныс қыркүйек, қазан айларында шарықтап шыға келетіні сөзсіз. Сондықтан да, тұрғындар қамданған қапы қалмайтынын ескеріп, қазіргі бағамен саудаланып жатқан қара алтынды дер кезінде сатып алғаны абзал.

 Гүлжанат Нұршанова.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK