Алматы облысындағы құрылыс сапасы қатаң қадағалауда. Осыған байланысты,  жобалау-сметалық құжаттамасын және сараптама қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында облыстық мемлекеттік сараптама және сәулет-бақылау басқармасы бірлесіп арнайы дөңгелек үстел өткізді.

Оған өңірдегі бюджеттік бағдарлама әкімшілері, облыстық, қалалық және аудандық, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын жетекшілері қатысты. «Мемсараптама» РМК орталық аппаратымен онлайн-режимде өткен басқосуда сөз алған орталықтың аймақтағы филиалының директоры Н.Чимбаев, алдымен жобалау-құрылыс кешенінің барлық қатысушыларының қарым-қатынасын үйлестіру керектігін алға тартып, сараптама  қызметін атқаруда кездесетін негізгі мәселелерді атап айтты. Сондай-ақ ол: «Алдымен жобаларға экологиялық сараптама жүргізу, рұқсат беру және  биылғы маусым айынан бастап күшіне енген жаңашылдық негізінде epsd.kz, ВКСБЭЖ электронды порталдарының қолданыстағы модульдары жаңартылды. Бұл үрдіс бұдан былай да жалғаса беретін болады» – деді.

фото А.Нұршанов

Еске сала кетсек, өткен жылы аталмыш филиалға бюджеттен қаржыландырылатын нысандардың құжатын бекітуге 252 жоба ұсынылса, биыл жыл басынан бері  жақын уақытта жүзеге асырылуы тиіс 115 жоба берілген.

Жиын барысында соңғы кезде тапсырыс берушілердің тарапынан қейбір  жұмыстарды сапасыз және немқұрайлы орындау, әзірленген жобалар нысанының жай-күйі туралы техникалық қорытындыны сапасыз жасау жағдайлары кездесті. Мұндай сәйкессіздіктер бір құрылыс жұмысына басқа да жұмыстардың қосылуын тудырып  бағаның өсуіне әкеледі. Ал, бұдан былай ондай жағдай орын ала қалса ол құқық қорғау органдарының құзырындағы іс екенін ескертті мамандар.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK