Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын танытуда ұстаздар қауымының еңбегі зор. Көп жағдайда тәрбие сағаттарында, жеке мұғалімдер пікірінде, мектепішілік кештерде айтылып, сөз болып жатады.

Мамандыкты таңдауда нені басшылыққа алу керек? Бұл туралы шешім даяр, бірақ адам өз көңілі нені аңсайды, сол аңсаған арманға жету мүмкіндігі бар ма? Ендеше, соны таңдау керек.
Адам шын ниет еткен нәрсесіне белсене кіріссе, орындамай қоймайды. Оған адамның ішкі қуаты әрқашан жетеді. Сәл нышанның өзі зор қабілетке айналып кетуі ғажап емес.
Еңбек, табандылық, әлеуметтік жағдай көтерсе, неге көңіл сүйген бағытты ұстамасқа. Осы жағын ескере отырып, оқушының сезіміне, жанына қанат бітіре пікірлесу жөн.
Мамандықтың терең ғылыми негізін, әдіс-тәсілін меңгеру ғана емес, осы істі атқару өмірлік басты қажеттілігіне айналып, оны адами, табиғи парызым деп ұққан адам ғана қоғамға, өзіне пайдалы маман болып шығады, еңбегінен ләззат алады.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,
— деп Әль Фараби атамыз айтқандай, мамандық таңдауда қателеспеген абзал. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Өмірде өзі қаламайтын мамандық иесі
болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмы-сын сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.
Осы орайда биылғы мектеп түлектеріне таңдаған мамандықтарыңыздан жаңылмай, өз өмірлеріңіздің кірпішін дұрыс қалауларыңызға ақ жол, сәттілік тілейміз.

Марзия Смағұлова,
Райымбек батыр атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK