Талдықорғанда жайдарманшылар жаңа форматта өнер көрсетті

471

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен әзіл әлемінде жүрген жастар арасында «T-IMPROVISE» атты көңілді тапқырлар сайысы өтті.

Аталмыш сайыстың өзге жайдарманнан басты ерекшелігі- қатысушылардың дайындықсыз келулерінде. Яғни, әзілді сахнада шығарып, өзара сынға түсті. Оған  қаламыздағы  жайдарманшылардан 5 үздік ойыншы таңдап алынған. Ұйымдастырушылар жаңа форматтағы шараға қатысушылар бірден келісім бергендігін тілге тиек етті. “Шет елде дәл осы форматта болмаса да, импровизацияға негізделген шоулар бар. Осыны ескере келе, бізге неге жасап көрмеске деген ой келді. Барынша өзіміздің менталитетімізге сай етіп өткізудеміз. Алғашқы қадамымыз сәтті басталса, алдағы уақытта республикалық деңгейде өткізсек деген жоспарымыз бар”,-дейді идея авторы Орынбасар Серікбай.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK