Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында аудандық кітапханада коворкинг орталығы ашылды.

Коворкинг орталығының ашылу рәсіміне арнайы келген «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Аманжол Тоқтарұлы, өз сөзінде, коворкинг орталығы кітапханаға келген әр жанұяның сүйікті демалыс орнына айналуы керек екендігін, партиялық жоба отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейтінін жеткізді. Сөз соңында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына құттықтау тілегін жеткізді.
Коворкинг орталығы ашылу салтанаты Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған, «Өткені шежіре – бүгіні келбетті Астана» атты әдеби-музыкалық композициямен аяқталды.
Сондай-ақ, Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Аманжол Тоқтарұлы ауданымыздағы біраз мектеп лагерлерін аралап көрді. «Нұр Отан» партиясының «Тілдердің үштұғырлылығына өту» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған ерікті ағылшын тілі мамандарының балаларға сабақ беру жоспарларымен танысып, оң баға берді.

Қарлығаш Менисова,
«Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалының сектор меңгерушісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK