Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар. Ұлттық санамызды жаңғыртып, жаңа белестерді бағындыру. «Рухани жаңғыру» арқылы біз дамудың жарқын үлгісін көре аламыз. Бұл ұлттық болмысты және сананы жаңғырту ғана емес, болашаққа сенімділікпен қадам басып, еліміздің даму жолындағы алтын көпірді орната білу.

Осы алтын көпірді орнату арқылы еліміз биік белестерді бағындырып келеді. Ал, «Рухани жаңғыру» сол алтын көпірдің ең маңызды бөлігінің бірі деп білемін. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы жариялан-ғаннан бері, еліміз көптеген жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Сенімді болашаққа жол ашты. Дамудың жаңа жолына қадам басты.
«Рухани жаңғыру» білім мен ғылымның дамуына үлкен үлес қосуда. Қазіргі таңда қазақстандық дарынды жастар өздерінің тың ойларын жүзеге асырып, инновациялық дамудың үлкен сатысынан көрінуде. Яғни, білім саласы қазіргіден де жоғары деңгейге көтеріледі. Білім мен ғылым еліміздің дамуына ұтымды үлес қосуда және сол ұтымды табыс тізгінін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға үлкен сеніммен тапсырды.
Рухани жаңғырудың басын латын әліпбиімен байла-ныстыруымызға болады. Латын әліпбиі арқылы білім саласында жаңа реформа қалыптасты. Рухани жаңғырумен бірге латын әліпбиі де еліміздің жаңғыруына өз үлесін қосады деп ойлаймын.
Руханиятымыздың жаңғыруы – болып жатқан өзгерістерді қабылдап, әлемдік даму мен жаңғырудың даңғыл жолынан көрінуіміз. Бұл даңғыл жолда соқпақдан сүрінбей өтуімізге ішкі жан-дүниеміздің рухани дамуы бағыт- бағдар береді деп сенемін.

Ақнұр Шайахмет,
Кербұлақ ауданы,
№49 орта мектебі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK