Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өмірінде жылқы малының алар орны ерекше. Қазақ жылқыны «Ер қанаты – ат» деп мадақтап, жеті қазынаның біріне қосады. Ал осы жануармен байланысты қаншама салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз астасып жатыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлі ат ойындарын жаңғырту мақсатында, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылындағы мешіт жамағаттарының ұйымдастыруымен аудан көлемінде ат спорты ойындары және ұлттық ойын өткізілді. Қоғалы ауылдық округінің әкімі Самат Исабаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мерекеде құнан бәйге, тай бәйге және тоқ бәйге, ұлттық ойындардан қошқар көтеру, арқан тартыс, теңге ілу, қол күрес, гир көтеру және аударыспақ ойындары өтті. Алматы облысы бойынша Панфилов, Көксу ауданынан және Талдықорған қаласынан шабандоздар қатысты.
Барлық ойындарға арнайы сыйлықтар тағайындалды.
Ат спорты ойындарында «Тай бәйгеден» бес орынға бағалы сыйлық берілді. І және ІІ орынды Шұбар ауылының тұрғындары иеленді. І — орынды Серік Чанчаровтың, ІІ — орынды Азат Қуаныштың, ІІІ- орынды Байғазы ауылының тумасы Рақымбай Мақсаттың тайы иеленді. IV-орынды Талдыбұлақ ауылынан келген Аслан Кәкенов және V-орынды қоғалылық Нұрлан Тойшыбековтың сәйгүлігі қанжығалады.
Құнан бәйге бойынша І- орынды Тастыөзек ауылының тұрғыны Ботай Айбек, ІІ — орынды Шұбар ауылынан келген Азат Қуаныш, ІІІ — орынды Алдаберген ауылының шабандозы Алмас Аманбаев, IV — орынды Қосағаш ауы-лының шабандозы Нұрәділ Зұлқан және V-орынды Қоғалы ауылының тумасы Дүйсен Бектемістің құнандары иеленді.
Топ бәйгеге 21 сәйгүлік қатысып, ішінен Тастөзек ауылының азаматы Дәулет Қалиасқаровтың сәйгүлігі топ жарды.
Көкпарда белсенді қатысып, салым салған тақымды азаматтар Жайнақ ауылының тұрғыны Талғат Абдрахманов, Көкбастау ауылынан Санжар Абдикаримов, Айдос Қайранов, Қоғалы ауылының тумасы Тұралбай Нұрсұлтан, Қайранов Еділ, Абылайхан Омархан және Абылай Тойшыбекті ерекше атап өтуге болады.
Ұлттық ойындарда Аударыспақтан І-орынды Көк-бастау ауылынан С.Абдикаримов, ІІ-орынды Қоғалы ауылының тұрғыны А.Омархан, ІІІ-орынды А.Жайлаубаев иеленді.
Теңге ілу ойынында І — орынды Айдос Амантай, ІІ — орынды Әсет Ботай және ІІІ — орында Дидар Жидебай, Қол күрестен І-орынды Қоғалы ауылының азаматы Әсет Құрабаев, ІІ — орынды Сабыр Немербай және ІІІ — орынды Денис Сарычев, гир көтеруден І — орынды Шұбар ауылының тұрғыны Серғазы Мусаев, ІІ-орынды Бекжан Қармақбай және ІІІ- орынды Бостан ауылынан келген Жасұлан Матайбай иеленді. Қошқар көтеру жарысында 15-тен 160-қа дейін көтерген жігіттеріміз болды. Соның ішінде 160 рет көтерген Бостан ауылының балуаны Жасұлан Матайбай І — орынды қанжығалады.  Арқан тартыста бас жүлдені Басши ауылының азаматтары жеңіп алды.
Мерекеге келген қонақтарға ауылымыздың азаматтары Д.Қалиасқаров және Б.Ақпаев-
тың демеушілігімен түскі ас берілді. Осы іс-шараға атсалысып, өз үлестерін қосып, демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK