Елбасымыз «Қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады» деген. Расымен, осынау 20 жыл ішінде Астанамыз салынып, бүгінде күллі әлемді тамсандыратын ару қалаға айналды. Астанаға қарап елді таныды.

Бүгінде күн санап, қарыштап дамып келе жатқан елордамыз еліміздің символына айналды. Биыл ерке Есілдің жағасында дамуымыздың бейнесіндей болған еңселі Елордамыз 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімде «Астана – бас қала» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ауған соғысының ардагерлері Иманқожа Смағұлов, Ануар
Нұрманов және осы соғыстың ардагері, Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы Шерғали Нұрғалиев қатысты. Шара барысында Астана қаласының тарихы туралы бейнебаян көрсетіліп, оның кешегі мен бүгінгі бейнесі туралы әңгіме өрбітті. Тәуелсіздігіміздің бесігі, мемлекеттігіміздің алтын діңгегі Астана қаласының 20 жылдығы құтты болсын! Еліміз дамып, Елордамыз көркейе берсін!

Гүлжан Сейдахметова,
Кербұлақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі
топ бастығы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK