Жаңа «Street Workout» алаңы ашылды

407
А.Нұршановтың фотосы

Талдықорған қаласындағы «Ғарышкер» шағын ауданында «Street Workout» спорт алаңы ашылды. Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл алаң ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті басшысының жеке қаржыландыруымен салынған. Енді жаңа жаттығу орнында тұрғындар тынбай машықтанып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосады.

Алаңның ашылу салтанатында сөз алған Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жиналған қауымды жүрекжарды қуанышымен құттықтады. Осыдан соң, Қазақстандық StreetWorkout  федерациясының президенті Дамир Мұратұлы: « Спорт – саулық кепілі. Ал, жан-жақты  дене жаттығуына арналған спорттың бұл түрі елімізде 2013 жылдан бастап тараған. Мұны «Көше жаттығуы» деп те атайды. Жалпы Алматы облысы аумағынан дәл осындай 4 алаң салу көзделген. Алдағы уақытта оның тағы үшеуі салынатын болады» — деді.

А.Нұршановтың фотосы

Шара соңында Астана қаласынан келген «Барбарс» және талдықорғандық «Титан» командасының спорт шеберлері өз өнерлерін ортаға салды. Еске сала кетейік, аталмыш қос команда еліміздегі  «StreetWorkout» бағытындағы спортты дамытуға елеулі еңбек сіңіріп келеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK