Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың өкімімен Қыдырәлиев Талғат Сайлаубекұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Талғат Қыдырәлиев 1969 жылы туған. 1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Сәулет-құрылыс академиясын, 2010 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылы 3-санатты инжинер ретінде бастаған. Әр жылдары Алматы облысының аудандарында учаскелік архитектор, Сәулет және қалақұрылысы басқармасында жетекші маман, Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы директорының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2014 жылдан бүгінге дейін Қарасай ауданының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жетекшілік етті.

Сондай-ақ, осыған дейін әкім Аппаратына жетекшілік еткен Абзал Керімбекұлы Жаншабай Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі қызметіне ауысты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK