Талдықорғандық түлектер ҰБТ-ны табысты аяқтады

292

Түлектердің көңіліне  үміт пен күдік  ұялатқан Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы аяқталды.  Облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына 981  талдықорғандық түлек қатысып,  білімдерін   сынады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғарғы баллдық көрсеткіш 133 ұпайды құрады. Оны Мұхтар Арын атындағы  №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің түлегі Әйгерім Дәлелханова  өз білімімен дәлелдеді.  Биылғы   мектеп бітіруші 63 түлек 120-130 балдан жоғары жинағандар қатарында.

  Әйгерім Дәлелханова,  М.Арын атындағы үш тілде оқытатын «Экономика және бизнес» лицейінің түлегі, жоғары  ұпай иегері:

-Мен үшін ҰБТ аса жауапты кезең болды. Мектептегі «Алтын белгі» төсбелгісін де қорғап,   мамандық таңдап, жоғары оқу орны грантын иеленер сәт осы.  Бұл  жерде ұлы  данышпан ақын Абайдың : «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, қайратың мен ақылың екі жақтап», – дегендей, адам кез келген сында өзіне сенуі керек. Сынақта физика мен математикалық  бағытты таңдап, біреуінен -36, енді бірінен -38 балл жинадым. Негізінен ақпараттық – коммуникациялық  технология бағыты  бойынша  Қазақ- Британ  техникалық университетіне таңдаймын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK