Министр өңір имамдарымен кездесті

255
Фото авторы А.Нұршанов

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев өңірдегі  имамдармен кездесті.

Фото авторы А.Нұршанов

Аталмыш жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы және Талдықорған өңірлері бойынша өкіл имамдары, аудан, қала мешіттерінің бас имамдары мен облыстық дін істері басқармасына қарасты теолог, дінтанушы, исламтанушы мамандар қатысты. Қазіргі таңда аймағымызда 599 діни бірлестік заңды түрде жұмыс жасауда. Оның 438 ислам мешіті, 52 православ, 11 Рим-Католик, 96 протестанттық және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер. Мешіттерде 533 имам қызмет етеді. Олардың 154 жоғары білімді, 88 медресе бітірген, 219 курстан өткен, 71 орта білімді мамандар. Елдің тыныштығы мен діни ахуалдың тұрақтылығы қашанда маңызды. Осы орайда ұйымдастырылған жиында Дархан Аманұлы имамдардың көкейінде жүрген сауалдары мен ұсыныстарын тыңдап, орамды ойымен бөлісті. Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстар легімен таныстырып, өңір имамдары мен дін саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың әлеуметтік жағдайына назар аудару қажеттігін баса айтты.

Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов “ҚР Президенті Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын көрсету, жастардың ұлттық санасын ояту, теріс діни ағымдарға қарсы күресу, салт-дәстүр, мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай білу және тағылымы мол тарихымызды қастерлеу мақсатында облыс аумағында жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Дін істері басқармасының ұйымдастыруында атқарылған “Рухани керуен” жобасын айтуға болады. Елбасының деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы ашылды”-деп елімізде діни мәдениеттің жақсаруы жолында аянбай қызмет атқарар білікті мамандардың алатын орны ерекше екендігін атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK