Шеттен келетін азық-түліктің кейбір түріне тыйым салынды

743
ғаламтор

Елімізде 10-қарашадан бері Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігерінің Қаулысы бойынша, төмендегі өнімдерді әкелуге және сатуға тыйым салынды:

  • «РИХА» сауда маркасының барлық шұжық және ет өнімдеріне, Бішкек қаласы, Лебединовка селосы, Береговая к-сі,1А;
  • «Крестьянское» сары майы,72% , «Ақ сүт» ААҚ, Беловодское селосы, Москва ауданы, Октябрь көшесі,55;
  • «Голландский» ірімшігі, 45% , «Эмилия» ОсОО, Талас ауданы, Қызыл-Адыр селосы, Промышленная көшесі,1;
  • «Птичье молоко» печеньесі, «Трубочки» торты, «Макарон ассорти» печеньесі, «Кондитерский Дом «Куликовский», Аламудун селосы, Алматы көшесі,2.

Кедендік Одақтың техникалық регламенттері бойынша, Қазақстан тұтыну нарығында ет, сүт, кондитерлік тағамдардың сатылуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік және құқықтық актілері талаптарына сай келмеу фактілері анықталған.

«Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK