Ұлттық ойынымыз ұмыт қалмасын

139
Фото авторы А.Нұршанов

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Алтын сақа» облыстық ұлттық ойындар спартакиадасы өтті. Жастар спорт кешенінде өткен аталмыш шараға 200-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Фото авторы А.Нұршанов

Алғаш болып сөз алған  «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің басшысы Ғабит Тұрсынбай «Ата-бабаларымыз ойнаған көне ойындарды қайта жаңғырту мақсатында бүгін үлкен шара өтуде. Бұл ойындар балаларға тәрбие берумен қатар ептілікті, жинақылықты, көз мергендігі мен қол икемділігін дамытады. Асық ойындары бұған дейін дәстүрлі түрде өткізіліп келсе, ләңгі мен бестас ойыны облыстық деңгейде алғаш ұйымдастырылуда. Ұлттық спорт ойынымыз ұмыт қалмасын десек, көне ойындарды жаңғыртайық» – деп барша жиналған қауымды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Фото авторы А.Нұршанов

Жарысқа  қатысушылар спорттың асық ату, ләңгі, бестас ойыны бойынша өзара сынға түсті. Нәтижесінде  асық атудан 1-орын Іле ауданының, 2-орын Ұйғыр ауданының, 3-орын Панфилов ауданының командасына бұйырды. Ләңгі тебуден 1-орынды Ұйғыр ауданы, 2-орынды Іле ауданы, 3-орынды Талғар ауданы иеленді.  Ал, бестас ойынынан 1-орынды Ескелді ауданы, 2-орынды Панфилов ауданы, 3-орынды Жамбыл ауданы қанжығасына байлады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK