Үш бәйтерек – үш ғұмыр

524
Дереккөз

Талдықорғандағы І.Жансүгіровтің әдеби мұражайында Саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу шарасына орай Алаш арыстары, сұлу сөздің сүлейлері: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлинге арналған «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» атты жиын өтті.

Дереккөз

Шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 5514 әскери бөлімінің қызметшілері, ЖМУ студенттері қатысып, музей меңгерушісі Нұргүл Қызырбекқызы Жауынбаева, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапхананың қызметкері Раушан Оразбекқызы Қаймолдаева, Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Күнболатовтар сөз сөйлеп, репрессия құрбандарының аянышты тағдыры жайлы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, Бикен Римова атындағы Талдықорған театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Театр қайраткерлері одақтарының мүшесі, ақын Үсен Өмірзақов «Нәубет» атты жырын тарту етсе, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі, «Серпер» жастар одағы сыйлығының лауреаты Серіков Төлеутай Дәрібайұлы «Үш арыс» әнін шырқап кештің сәнін келтірді. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны биік үш бәйтерек Сәкен, Ілияс, Бейімбет жөнінде түсірілген бейнефильмдер көрсетіліп, қонақтар музей экспонаттарын тамашалады. Музейдің экскурсия жүргізушісі Айжан Алтайқызы Оразбаева сарбаздарға тарихтан сыр шертті.

Үсен ДАУЫЛБАЙҰЛЫ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK