Ілияс ескерткіші алдында

265
фото А.Нұршанов

Елбасы Жарлығымен бекітілген 31 мамыр ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыс орталығы Талдықорғанда тағылымды шара өтті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен еске алуға ардагерлер,  халық  қалаулылары,  тарихшылар мен ұстаздар және студент жастар қатысты. ЖМУ аумағында орналасқан Алаш арыстарының бірі де бірегейі І.Жансүгіровтың ескерткіші алдына жиналған қауым гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.

фото А.Нұршанов

Бір минуттық үнсіздікпен басталған шарада сөз алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұхамбет Ерасылұлы, өткенді білу бүгінгінің парызы екендігін тілге тиек ете келіп, сол бір зұлмат жылдары  елдің бірлігі мен жердің тұтастығы жолында өмірін қиған жандардың рухына ізгі ілтипат пен құрмет білдірді.

Фото А.Нұршанов

Сондай-ақ, ол: «Бүгіні күн біз үшін ерекше есте қалған қаралы күн. Себебі, 20-шы ғасырдың бас шенінде жалпы Кеңес  Одағы бойынша 60 миллион адам қуғын-сүргінмен ашаршылыққа ұшыраса соның дені қазақ халқы еді. Олардың 40 пайызы өлімге үкім етілген. Қазақ даласындағы қуғын-сүргін 1928 жылы  Алаш қайраткерлерін жаппай тұтқындаудан басталған. Оларға КСРО құлату үшін жасырын ұйым құрды деген айып тағылып, тұтастай жер аударып, өлімге үкім етті. Ал, сол тұстағы қолдан жасалған ашаршылықтан 1 жарым миллионға жуық қазақ қырылып, біразы шет мемлекеттерге босып кетуге мәжбүр болды. Тағдыр тауқыметіне ұшырап, өлімге үкім етілген қазақтың дара тұлғаларының бірі, жер жаннаты Жетісудың төл тумасы, Ілияс Жансүгіров болатын. Ақының ұлт мүддесі жолында атқарып кеткен ерен еңбектері ел жанында мәңгі сақталып, кейінгі жастарға өшпес үлгі-өнеге сыйлай беретіндігі анық» – деп, айырықша  атап көрсетті. Осыдан соң Жетісу Мемлекеттік Университенің білікті ұстазы, белгілі ғалым, профессор Мұратбек Иманғазин  ақының өмірі мен өнегелі істері жайында шынайы шындықтарды ақтарып,  сол кездегі жалған жаламен түрмеге жабылғандар туралы күңірене баяндады. Осылайша, тарихқа тағызым етуші жастар қазақ зиялы қауымын  түп тамырымен құртуға бағытталған солақай саясаттың ащы ақиқатына тағы бір қырынан көз жеткізгендей болды.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK