Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі

374
Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Консалтинг орталығының ұйымдастыруымен “Әлеуметтік идеялар мен жобалар” жәрмеңкесі өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

Мұндағы мақсат – әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың озық әлеуметтік жобаларын насихаттау, әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың имиджін қалыптастыру, әлеуметтік және қоғамдық маңызды проблемаларды шешуде азаматтық бастамаларды қолдау. Шараға өткен жылы 43 жоба қатысса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш біршама ұлғайған. Облыс бойынша аудандар мен 3 қаладан 103 қатысушы  өтінім білдірді. Комиссия мүшелері үкіметтік емес ұйымдар жолдаған жобаларды қарастырып, болжамдық нәтижелердің жүзеге асу мүмкіндіктері, жобаның орнықтылығы мен сәттілігі, оның даму перспективаларын ескере отырып, жеңімпаздарды  анықтады.

Фото авторы А.Нұршанов

Атап айтар болсақ, “Мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдардың денсаулығын оңалту”, “Спорт және оның мүмкіндігі шектеулі жастарға беретін шектеусіз мүмкіндігі”, “Friend Robot” үйірмесі, “Балаларға арналған медициналық емес көмек көрсету”, “Ертегілер әлемі”, “Жүнді қайта өңдеу арқылы әлеуметтік кәсіпорын ашу”, “Әлеуметтік кір жуатын бөлме”, “Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ерекше киімдер”, “Мүмкіндігі шектеулі жандардың ұлттық бұйымдар жасау цехы”, “Жұмыс жасағым келеді — тәуелсіз болғым келеді” сынды 10 жоба үздік деп танылды. Жиын барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар аталмыш шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK