Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесу биыл өтуі мүмкін. Жекпе-жектен абсолют чемпионатының (UFC) президенті Дана Уайт осылай деп мәлімдеді.

«Біз Конормен Вегаста кездесеміз. Нью-Йорктегі жағдайдан кейін мен онымен кездескен жоқпын. Менің ойымша, маусымда болады. Оның Хабибпен төбелескісі келетіні сөзсіз. Хабиб те осы жекпе-жекке дайын деп ойлаймын. Жекпе-жек 2018 жылы өтуі тиіс», — деді Уайт.

Айта кетейік, сәуір айының соңында UFC басшысы МакГрегор мен Нурмагомедов арасындағы жекпе-жекті Ресейде өткізу мүмкін еместігін айтқан болатын. Айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі жекпе-жекті Ресей елі қабылдай алмайтын көрінеді. Олардың кездесуі Лас-Вегаста өтуі ықтимал.

Хабиб Нурмагомедов – Ресей тарихындағы Олег Токтаровтан кейін UFC чемпионы атанған екінші спортшы. Ол соңғы жекпе-жегін UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты америкалық Эл Яквинтамен сарапқа салып, 5 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің  шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ал, Конор Макгрегор болса, соңғы рет өткен жылы бокс ережесімен болған жекпе-жекте Флойд Мейвезермен кездесіп, ұтылып қалған еді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK