Иммундау – бұл жұқпалы ауруларға қарсы күрес

21

Иммундау – бұл вакцина егу арқылы адамда иммунитетті қалыптастыратын немесе жұқпалы ауруларды қабылдамау иммунитетін тудыратын процесс. Иммундау – өмірге қауіп туғызатын жұқпалы ауруларға қарсы күрес үшін сынақтан өткізілген құрал.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауына сәйкес иммундау жыл сайын 2-3 миллионға жуық адамның өмірін сақтайды. Жер шарында вакцина шығарылғанға дейін жұқпалы аурулардан балалар өлімі және жалпы өлім жағдайы он еседен жоғары болатын. Оба, тырысқақ, шешек аурулары миллиондаған адамдардын өмірін алып кетті. Расында, шығарылған вакциналар адамзатты жұқпалы аурулардан сақтау үшін ақылға сыймайтын жетістікке жеткізді. Әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін алатын шешек ауруы толығымен жойылды. Полиомиелит ауруы да жойылды, қызылшаны жою жалғасуда. Дифтерия, қызамық, көкжөтел, эпидпаротит және басқа да қауіпті жұқпалы аурулар жүз тіпті мың есеге төмендеген. Вакцинация жоқ болған жағдайда инфекциялар өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төндіреді: полиомиелит – полиовирус жүйке жүйесін зақымдап, бірнеше сағат ішінде сал ауруына немесе өлімге әкеп соғады; дифтерия – миокардит асқынып, шала салдану мен сал ауруының дамуы. Тыныс алу жолдарының салдануынан өлім-жітімге әкеп соғатын тұншығу пайда болуы мүмкін; эпидемиялық паротит – бедеулік пен қант диабетінің даму қауіпі; В гепатиті өлім-жітімге әкелетін бауыр комасы, цирроз және бауыр обыры; жуктілік кезіндегі қызамық ұрықтың туа біткен мүшелерінің зақымдалуына әкелуі мүмкін; сіреспе – тұншығу және жүректің тоқтауы; туберкулез – аурудың асқынатын ауыр түрімен ауыру қаупі; пневмококкты инфекция – пневмония және іріңді менингит; қызылша – энцефалит, жүктілік өзіндік түсік тастау мен уақытынан бұрын босанумен аяқталады. Халықты иммундау тегін, рұқсаты бар емханалар мен медициналық орталықтарда жүргізіледі. Вакциналар миллиондаған адамдарды ауыр аурудан және өмір бойы мүгедектіктен сақтап, аман саулық пен өмір сапасын қамтамасыз етеді. Вакциналар қауіпсіз, вакцинация үшін ДҰҰ – мен сертификатталған, яғни сапасына кепілдік берілген препараттар қолданылады. Иммундау миллиондаған өмірді құтқарады және мамандардың көпшілігімен ең тиімді араласу шараларының бірі ретінде мойындалады. Жұқпалы аурулардың алдын алуы тек вакцинацияның көмегімен ғана қорғануға болады. Құрметті ата-аналар! Вакцинациялау Сіздің балаңызды аурудан қорғайды және болашақта салауатты ұрпақтың туылуына кепіл болып табылады.

                                                                                                     Р.Мейнбекова,

                                         Талдықорған қалалық санитариялық эпидемиологиялық

                                                                        бақылау басқармасының бас маманы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз