Бүгін Талдықорған қаласында Астананың 20 жылдығы және ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арнап мотошеру өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш шара «Жастар» саябағының кіреберіс қақпасынан басталды. Рәміздер күніне орай ұымдастырылған шеруге «Жестісу» мотоклубынан 50-ге жуық адам келді. Олар еліміздің көк байрағын желбіретіп, қала көшелерін мотоциклдерімен аралап шықты. Соңында Рухани жаңғыру орталығының маңында орналасқан Мемлекеттік ту тұғырына келіп табан тіреді.

Ол жерде Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев және қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұхамбет Ерасылов шеруге қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар екенін айтып, Қазақстанның әрбір азаматы бұған құрметпен қарау керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, әншілер жырдан шашу шашып, мерке көркін қыздырды.

Шара соңында жиналған қауым әрдайым Елтаңбамыз еңселі, Туымыз тұғырлы, Әнұранымыз асқақ болсын деген ниетпен тарқасты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK