Қазақстандық шаңғышы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

72

Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев алғаш рет FIS кубогінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы өзге дереккөздеріне сүйене отырып, Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр. Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды. Данил Васильев – 249.4 ұпай, (Қазақстан); Мартин Хамам – 247.5 ұпай; Ульрих Волгенант – 246.5 ұпай. Айта кетейік, 13 елден 78 спортшы қатысып жатқан жарыс болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз