Соңғы қоңырау сыңғыры

419

Бүгін  еліміздің барлық аймағында соңғы қоңырау салта­наты өтіп жатыр. «Бағбан-ұстаз баулыған бала­пандар қоштасып, ұясынан ұш­қалы тұр» деп ақын жыр­ға қосқандай, бұл күнгі жиын, әсіресе, мектеп бітіруші түлек­тер үшін қимастық сезімге, жан тебіре­нісіне толы.Мектептің босағасын тары­дай болып аттап, таудай болып аттанғалы тұрған түлектерге ақ тілектер айтылды.

Осылайша,мектеп бітірушілер  өмірге жолдама алып жатса, өзге оқушылар  сыныптан-сыныпқа көшіп,  бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көзқуанышына айналды.Талдықорған қаласының  26 білім ошағында  күміс қоңырау сыңғырлай соғылды. Жалпы  24 орта мектепті 26 мыңнан аса оқушы ойдағыдай аяқтап шықты.  Жоғары білімді, білікті  2183  ұстаздар  қауымы  оқушыларды білім нәрімен сусындатуда. Ойдағыдай, үздік оқыған оқушылар марапатталды.

Мектеп ауласына  жиналған түлектер  сүйікті мұғалімдеріне гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын жаудырды. Ал ұстаздары да  11 жыл бойы білім беріп, бозбала мен бойжеткендер қатарына бет алған шәкірттеріне сәт- сапар тіледі. Сол секілді ата-аналар атынан сөз алған азаматтар да ұстаздар еңбегін жоғары бағалап, қашанда алтын ұядағы білім мен тәрбие алдағы уақытта өз жемісін беретініне сендірді.  Салтанатта әсем әуез қойылып,  түлектердің  қоштасу вальсіне ұласты.

Өткен жылдан бері жаңа форматта өткізіліп  жатқан  сынақты 1327 түлек тапсырады.  82 оқушы «Алтын белгіден»  үміткер. Сондықтан  да мектеп бітіруші  түлектерге бұл күні  мектеп басшылығы, ата-аналар ақ жол тіледі. Сонымен соңғы қоңыраудың жал­ғасы оқушылардың жазғы демалысына, тү­лектердің сынақ тапсыруына, жоғары оқу орнына түсу арманына ұласатын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK