Жыр жауhары

55

Талдықорғанда «Жыр жауһары» атты әдеби танымдық кеш өтті. Жақында ғана туған күні аталып өтілген өңірдің жақұт жырды шайыры  Жұматай Жақыпбаевтың құрметіне арналған кешті Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан жазушылар одағының аймақтық филиалы ұйымдастырған. Еркін бағытта өткен мәдени шараға аймақтың жырсүйер қауымымен қатар Алматы, Талдықорған қалаларының және Жетісу облысының әрбір аудандарынан шақырылған танымал ақын-жазушылар мен жас дарын иелері қатысты.

Кеш жүргізушісі белгілі ақын Жангелді Немеребаевтың айтуынша, киелі сөз  өнері ұлтымыз руханиятының тірегі. Бұл шара Жетісу өлкесіндегі есімгі елге мәлім мәдениет пен әдебиет саласының майталмандарын үлгі ету арқылы жас ақындарға жол ашу. Сондай-ақ, олардың поэзияға деген қызығушылығымен құлшынысын арттырып, кітап оқуға шабыттандыру.

Шара барысында ақындар отты жырларын оқыса, күйшілер құйқылжыған күй тартып, әншілер әсем сазды әндер шырқады. Мұндай шаралар бұдан былай да жалғасын таппақ. Кеш соңында аймақтың ардагер қаламгерлерінің ақ батасымен  өнерге қадам басқан Жәнібек Емберген есімді жас ақынның тұсауы кесіліп, Қазақстан жазушылар одағының мүшелеріне арнайы белгішелер табысталды. Кештің әсерлі де тартымды өткенін жеткізген көрермен қауымы жалпы мұндай мәдени шаралардың көп болуын айтып тарасты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз