Бүгін Алматы облысындағы екі ауданға жаңа әкім тағайындалды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Өңір басшысы Амандық Баталов облыс активіне қатысып, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімдерін таныстырды. Жамбыл ауданының әкімі болып Бағдат Әлиев тағайындалды.

Бағдат Байшалұлы 1958 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген. Ол 2013 жылдың шілде айынан осы күнге дейін Кербұлақ ауданының әкімі лауазымында қызмет еткен.

Ал, Қарасай ауданының әкімі қызметіне Жандарбек Далабаев келді.

Жандарбек Ермекұлы 1959 жылы туған. Қазақтың С. Киров атындағы мемлекеттік университетін және Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтін философия оқытушысы, зооинженер мамандықтары бойынша бітірген. Ол 2014 жылдың тамыз айынан осы күнге дейін Жамбыл ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK