БАЙҚАҢЫЗ – СУ ҚАУПІ!

155
Дереккөз

Ауа температурасының жоғарылауына және жазғы демалыс маусымының басталғанына орай әрбір қала тұрғыны табиғат аясында демалып, түрлі су айдындарында шомылып алғысы келіп тұратыны белгілі нәрсе. Бірақ осы жай ғана суда жүзіп алайын деген тілек кейде қайғылы жағдайларға әкеп соғып жатады.

Қайғылы оқиғаның себебі сол баяғы: қауіпсіздік шараларын бұзу, балалардың бақылаусыз демалысы, азаматтардың бейқамдығы мен абайсыздығы, әсіресе тыйым салынған жерлерде шомылуы және мас күйінде суға түсуі.

Запа шеккенге алғашқы көмек көрсете білу немесе оның тәртібін сақтау әркім үшін қажет.

Осыған орай суға шомылу кезінде қандай тәртіпті сақтау керектігін естеріңізге саламыз: тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз; судағы балаларыңызды бақылаусыз қалдырмаңыз; суға шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайшаларды қолданбаңыз; суда ойнамаңыз; өтірік дабыл қақпаңыз; көпірлерден, бөгеттерден немесе қайықтардан суға секірмеңіз; таныс емес жерлерде суға сүңгімеңіз.

Егер Сіз қайықта болсаңыз:

Иесіз немесе техникалық ақауы бар қайықтарды қолданбаңыз; жүзуге құтқарушы құралдарсыз шықпаңыз; мас күйіңізде қайыққа отырмаңыз; қайықтың жиегіне немесе тұмсығына отырмаңыз; бір орыннан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан екінші қайыққа отыруға тырыспаңыз; қараңғы уақыттарда жузетін құралдарды қолданбаңыз.

14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын қолдануға тыйым салынады.

Суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету:

Суға батқан адамды тезірек жағалауға шығаруға тырысыңыз; зардап шегушінің тынысы мен тамыр соғысын көріңіз; зардап шегушінің басын оң немесе сол жағына бұрып, аузын құм мен лайдан тазартыңыз, тыныс жолдары мен асқазанынан суды төгуге тырысыңыз (осының бәрін 15 секундта жасау керек); тамыр соғысы жоқ болса «ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды тыныс алдыруға кірісіңіз.

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!

Зардап шеккен адамды тынысы біткен соң 6 минут ішінде ғана қайта тірілтуге болады.

Талдықорған қаласының ТЖ жою және алдын алу жөніндегі комиссиясы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK