Абайлаңыз менингит!

428
Дереккөз

Менингококты инфекция — түрлі клинкалық көріністермен сипатталатын жіті бактериалды инфекциялық ауру.Сырқаттанушылықтың бірнеше түрлері бар: менингиттер – серозды және іріңді, қоздырғыштары бойынша- этиологиясы вирусты және бактериалды (сырқаттанушылықтың қоздырғышы вирус және бактерия болғанда) болып бөлінеді, менингококкты жұқпа — Neisseria meningitidis бактериясымен шақырылады.

Инфекция көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы. Көбінесе қауіпті бактерия тасымалдаушылар болып табылады, оларда организмдерінде микробтар бар. Менингококк жұқпасын тасымалдаушылар олар өздері ауырмай, айналасындағыларын жұқтырумен қауіпті.

Жұқпаның берілу жолы – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз.  Микроб сау адамның ағзасына науқас адам немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт бойы қарым – қатынаста болғанда, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді (жанында ұйықтағанда, бірге тамақтанғанда, оқығанда, тәрбиеленгенде). Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда болады. Сырқат адам қоршаған адамдарға бірінші күннен бастап қауіпті. Сырқаттанушылықты қабылдағыштық өте жоғары. Менингококты жұқпа барлық жерде, бүкіл әлемде кездеседі.

Сырқат жедел дене қызуының көтерілуімен басталып (37,5-38,0°C), бастың ауыруымен, мұрын бітуімен, жұтыну кезінде ауру сезімімен сипатталады. Сонымен қатар, тағам қабылдаумен байланыссыз, көп реттік құсу болады. Ерте жастағы балаларда құрысулар дамиды. Ауырған бала бүгілген тізесін қолымен денесіне апарып, қырымен жатады. Басын төсіне қарай бүгу әрекетін жасау кезінде мойын және шүйде бұлшық еттерінің қарсыласуы болады.  Егерде иммундық жүйесі төмендеген болса, микроб ары қарай қанға өтіп, аяқта, жамбаста дененің қырында жұлдыз тәрізді, басқанда жоғалмайтын қызыл (көгерген) бөртпелер пайда болады. Ары қарай бүйректің зақымдалуымен, бас миының қабынуымен, инфекциялық-токсикалық шокпен, ауыр жағдайда өліммен аяқталатын менингококты инфекцияның ең  ауыр түрі- менингококты  сепсис дамиды.

Сырқаттанғаннан кейін – саңыраулық,  балаларда саңырау –мылқаулық, кей кезде сал ауыруы, бас миының зақымдалуы дамиды. Үй жағдайында емдеу шарасымен айналыспай, үйге дәрігер немесе жедел жәрдем көмегін шақырту қажет. Неғұрлым білікті медициналық көмек көрсетілсе, аурудан суығу нәтижесі тез, әрі тиімді болады.

Облыс бойынша соңғы жылдарда сырқаттанушылықтың 5 – 10 жағдайы тіркеледі, оның 70% 14 жасқа дейінгі балаларға келеді. Жұқпа көзін анықтау мақсатында ошақта барлық қарым — қатынаста болғандарға дәрігерлік қарау, бактериологиялық тексеру ұйымдастырылады және инкубациялық кезең ішінде медициналық бақылауға алынады.

Менингитпен әр-түрлі жастағы адамдар ауырады. Көбінесе сырқаттану жас ерекшелігіне емес, адам ағзасына байланысты. Мысалы, шала туылған балаларға (олар өте әлсіз болғандықтан) менингит өте қауіпті. Сонымен қатар жиі ауыратын, орталық жүйке жүйесі зақымданғандар, басының немесе арқасының травмасы бар адамдар. Жалпы сырқаттануға әсер ететін факторлардың қатары көп.

Жас ерекшеліктеріне қарамастан науқастарды ауруханада емдейді. Арнайы, кешенді — антибиотик, вирусқа қарсы дәрілік заттардан тұратын ем жүргізіледі. Ауыр жағдайда реанимациялық ем шаралар жүргізілуі мүмкін. Менингит толық жазылады. Емнің нәтижелілігі ауруханаға уақытылы жатумен және емнің тағайындалуына байланысты.

Алдын алу шаралары — жеке бас тазалығын сақтау, әжетханаға барғаннан кейін және тамақ ішер алдында қолды жуғыш заттармен мұқият жуу; ішетін шырын, тамақ, балмұздақ, конфет, сағызын ауыстырмау; бөлмелерді жиі желдету, ұйымдасқан мекемелерде ылғалды тазалауды күнделікті жүргізу; сәбиге емізікті берер алдында ауызға салмау. Ең бастысы жоғарыда көрсетілген аурудың белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну!

 

М.КӨБЕЙСІНОВА, ҚР ҚДСК Алматы облысы ҚДС департаменті Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK