Музей түні – 2018

533
Фото авторы Д.Ерофеев

Халықаралық конференциядағы ұсыныстар нәтижесінде әр жыл сайын дүние жүзінде “Музей түні” аталып өтіледі. Әлем бойынша бұл шараны тұңғыш рет 1997 жылы Берлин  “Музейдегі ең ұзақ түн” деген атпен өткізді. Қазіргі таңда әлемнің 150-ден астам елі кәсіби мереке ретінде атап өтеді. Ал, елімізде алғашқылардың бірі боп 2006 жылы Алматы қаласындағы  Орталық музей ұйымдастырды.

Фото авторы Д.Ерофеев

Аталмыш мерекеге орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі кезекті мәдени-ағарту шарасын өткізді. Келушілер назарына  “Әр кезеңдегі халықтардың қолданған ыдыстары”, “Ойыншықтар әлемінде”, “Тарих қойнауында”, “Өткен күн сыр шертеді”, “Сәнді қолөнер бұйымдары” сынды әр музей қорынан  жинақталған жәдігерлер  ұсынылды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар “Мәдени құндылықтарды, баға жетпес өнер туындыларын, атадан балаға мирас болып қалатын мұраларды жинақтап, жұртшылыққа  қызмет көрсетіп отырған баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мұражайдағы экспонаттар жас ұрпақты тарихын тануға, болашағын бағамдауға үндейді.  Тарихымыздың дереккөзі, құнды жәдігерлеріміз, өткен күннен сыр шертер тарих қойнауы да осында”-деп барша қызметкерлерді  құттықтап, “Үздік өңірлік музей” байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Мерекелік шараға арнайы келген “Халық қаhарманы” Айдын Айымбетов жүрек жарды лебізін білдіріп, жиналған қауыммен сұхбаттасты. Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында эстрада жұлдыздары “MeloMen” тобы әсем әннен шашу шашып, концерттік бағдарлама ұсынды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK