Білім беру және тәрбиелеу объектілеріндегі өндірістік бақылау

136

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру және тәрбиелеу объектілерінде (балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдар) міндетті түрде өндірістік бақылауды жүргізуқажет болып табылады.Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 07.05. 2023 жылы № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында белгіленген (бұдан әрі № 62 Санитариялық қағидалар).

Бұл санитариялық қағидалар меншiк нысанына қарамастан әр түрлi объектiлердiң өндiрiстiк бақылауына қатысты барлық қажеттi талаптар, оның iшiнде білім беру және тәрбиелеуобъектілеріне қойылатын талаптар айқындалған.

Қызметі эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесіне енгізілген жеке және заңды тұлғалар(«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығы )өндірістік бақылаудың (өзін-өзі бақылаудың) тиімді жүйесін әзірлеп, құжаттамалық ресімдеуге, енгізуге және жұмыс жағдайында ұстауға міндетті.

Өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.

Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарының талаптарының сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

Зертханалық зерттеулер өндірістік зертханалар базасында немесе Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды (сынақ орталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады.

Зерттеу түрлерінің тізімі, олардың кезеңділігі №62 Санитариялық қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.Білім беру және тәрбиелеу объектілерінде, тамақ өнімдерінің (шикізат, дайын тағамдар), судың микробиологиялық,санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне сараптама жүргізеді,шайындылар зерттеледі, дезинфекциялық құралдардағы қалдық хлор айқындайды, желдету тиімділігі, сонымен қатар объектілерде шу, діріл, микроклимат, жарықтандыру, ЭМИ кернеуі және басқа зерттеулер деңгейіне өлшемдер жүргізеді.

Зертханалық зерттеулерден басқа, өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттаманың, өндірістік бақылауғаарналған есепке алу және есептілік құжаттамасының болуын, міндетті медициналық тексерулерді ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемаларын әзірлеу қажет.

Объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне ұсынылады.

Үй-жайлардағы санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйі баланың өмір сүру сапасына және өсіп-жетілуіне әсер ететінін есте ұстаған жөн. Ал өндірістік бақылау дені сау ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасау үшін өте маңызды.

Білу маңызды! Өндірістік бақылауды жүргізбеу, сондай-ақ есепті уақытында ұсынбау тексерулердің жартыжылдық кестесіне және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне енгізудің субъективті критерийлерінің бірі болып табылады.

                                                                                                      Д. Шәріпқызы,

              Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау               департаментінің білім беру және тәрбиелеу

объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз