«Жетісудың шыңдарын бірге бағындырайық». Бүгін осындай атаумен өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз-мәслихатты өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы Жетісу географиялық қауымдастығымен бірлесіп, Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастыруда. Шараның мақсаты – Алматы облысының таулы туризмін дамыта отырып, жастардың физикалық, техникалық дайындығын жетілдіру және жергілікті тарих пен этнографияны дамыту.

Жетісу географиялық қауымдастығының жетекшісі Әнуар Қалибекұлының айтуынша, Елорданың 20 жылдығына орай қауымдастық мүшелері Алматы облысының тауларына шығып, 20 мың метр биіктікті бағындырмақ. «Біз мұнда биіктігі 1500 м құрайтын «Лабасы» тауы, 2000 м «Текелі» шыңы, 4010 м «Абай» шыңы, 4068 м «Физкультурник», 4376 м «Нұрсұлтан», 4620 м құрайтын Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі және «Тянь-Шань» шыңдарын бағындыру жоспарымызда бар», — дейді Ә.Демегенов. Сондай-ақ, Жетісу географиялық қауымдастығының жетекшісі елімізде тауға шығу спортын насихаттауға бағытталған бұл шараның маңызы зор деп есептейді.

Шара ұйымдастырушылары өткен аптада бірінші болып, «Лабасы» тауына шығып, облыстың туын тігіп қайтқан. Брифингте қатысушылардың тауға сапары барысында түсірілген шағын бейнеролигі көрсетілді. Айтуларынша, екі айға жуық уақытта аптасына бір рет осылай тауға шығып тұрмақ.

Айта кетейік, экспедицияға қатысамын деушілер болса, өз қаражаттарының есебінен қатысуға мүмкіндік бар. Яғни, ниет білдірген азаматтар азық-түлігін өздерімен бірге алып шығуы тиіс. Ал, ұйымдастырушылар жол шығынын өздері көтермек. Барлық хабарландырулар әлеуметтік желілерде жарияланған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK