Құықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

334
фото Д.Сағындықов

Алматы облыстық сотында «Сот төрелігінің  жеті түйіні» шеңберінде арнайы құқықтық қызмет көрсету орталығы мен медиация кабинеті ашылды.  Мұндағы  мақсат – халық арасындағы  жанжалдар мен  келіспеушіліктерді оңтайлы шешуді қамтамасыз ету. Сонымен бірге қоғамдағы дау-дамайлардың деңгейін төмендетуге, келісу  рәсімдерінің көлемін кеңейтуге қолайлы  жағдай жасау.

фото Д.Сағындықов

Облыстық  соттың баспасөз хатшысы Самат Қайратұлының айтуынша, онда медиятор, адвокат, нотариус және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының, аймақтағы кәсіподақ  бірлестігінің білікті мамандары орналасқан. Олар заңдық негізде жұртқа тегін қызмет көрсететін болады. Осыған байланысты аталған саланың басшылары төрт жақты ортақ ынтымақтастық келісімге қол қойды.

фото Д.Сағындықов

«Жалпы еліміз бойынша Жетісуда тұңғыш рет ашылып отырған бұл орталықтың қарапайым халық үшін атқаратын рөлі зор. Мәселен,  қол қойылған меморандумда келісу рәсімдерін белсенді пайдалану, оны дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеу, кәсіпкерлік субьектілер арасында іскерлік, серіктестік қарым-қатынастарды сақтау, қоғамды әлеуметтік сақтандыру сынды құқықтық жаңжалдарды шешудің тиімді баламалы әдістерін қолдану жан-жақты қамтылған. Дәл осындай орталық Талдықорған қалалық сотында да ашылды. Енді алдағы уақытта аймақтағы өзге де аудан қалалардағы соттардан ашу жоспарда », -дейді мамандар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK