Кәсіптік білім алушы жастар сынға түсті

142

Алматы облыстық білім басқармасының «Әдістемелік кабинеті» МКҚК және Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технолгиялар колледжінің ұйымдастыруымен  облысымыздың жұмысшы мамандықтарына даярлайтын колледждері арасында «Білімді жастар-ел болашағы» атты олимпиада өткізілді.

Колледж іші  бір сәтте түрлі сала бойынша мамандық игеріп жатқан арманшыл жастарға толып кетті. Қатысушыларды ең алдымен  колледж директоры Еркінбек Қоянов құттықтады.  «Құрметті жастар, сіздердің осы сайысқа белсене қатысуларыңызды бізді қуантып отыр. Біздің облыс техникалық ма­мандық иелерін даярлауға әлеуеті жо­ғары аймақ болып табылады. Сон­­дықтан да мектеп, колледж бі­тіруші түлектер осы салаларда ең­бек етіп, жұмыс істеуіне барлық мүм­­кіншілікті жасаймыз. Жұмысшы жас­­тардың қанатын қатайтын осындай сайыстардың  болашағы зор» деді білікті басшы өз сөзінде.

 -Айта кету керек, бұл сайыс жыл сайын біздің облыста кеңінен қанат жайып келеді. Сондықтан бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді облыстық әдістемелік кабинеттің техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Г.Боранбаева.

Өңір­де жұмысшы жастар даярлауға мүм­кіндік зор. Әрине, колледждер түлектерінің 85 пайызы толық жұ­мысқа орналасып кетеді. Әсіресе, құ­­рылысшы, шаштараз, кондитер, ауылшаруашылық мамандарына деген сұраныс жоғары. Жетісу төрінде облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беретін  оқу орындарынан түлеп ұшқан жастар бүгінде еліміздің алпауыт компаниялары мен өндіріс орындарында қызмет атқарып, өз үлестерін қосуда. Байқау автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу, дәнекерлеу ісі, ферма шаруашылығы, құқықтану, ақпараттық жүйелер, қаржы, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру мамандықтары бойынша тест сұрақтары және тәжірибелік тапсырмаларды қамтыды.

Кәсіптік оқу орындары арасындағы  бұл байқау білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша біліктілігін  жетілдіру, жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді. Оза шапқан жеңімпаздар  марапатқа ие болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK