Халықаралық PR көктемгі мектебі өтті

269
Дереккөз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  облыстық ішкі  саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен “Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа” атты IV  халықаралық PR көктемгі мектебі өтті.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған  шараға БАҚ өкілдері, PR мамандары , ЖОО оқытушылары мен білімгерлері қатысты. Қатысушыларға “Қаржылық капитал — абырой-беделді басқару” тақырыбында белгілі PR маманы, “Пионер Capitally invest” ЖШС бас директоры Қуат Домбай дәріс оқыды. “Талдықорғанға келгеніме өте қуаныштымын. Мен бүгін өз концепциямды ұсындым. Жалпы беделді меңгеру дүние жүзінде ең озық мәселе боп табылады. Себебі, мынау бәсекелестік нарығында бір компанияның екінші компания үшін  өзара  беделі маңызды. Егер компанияның беделі жоғары болатын болса, оның тұтынушылары да көбейеді, және өнімдер ұзақ мерзімде сатылады. Жеке меншік компанияларда немесе басқа бәсекелестікте жүрген ұйымдарға сол беделді меңгере білу аса  маңызды деп білемін. Қарап тұрсаңыз, жоғарыда аталған абырой, бедел дегеніміз қазақ мәдениетінің негізінде бар. Сол мәдениет пен бизнес идеясын ұштастыра алсаңыз, кәсібіңізге  көмектеседі” — деп авторлық диаграммасын көрсете отырып, түсіндірді. Сонымен қатар, Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов пен журналист Жансерік Тілеухан  халықаралық жағдайлардағы фактчекинг жайында  тәжірибелерімен бөлісе отырып,  жалған ақпарат, сурет, бейнежазбаны ажырату тәсілдерін айтып өтті. Басшылықтың айтуынша аталмыш сайттың негізгі міндеті – ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың, әлеуметтік желідегі жазбалардың және ел алдында жүрген тұлғалардың мәлімдемелерінің  рас-өтірігін тексеру. Қазақстандағы алғашқы фактчекинг ресурсы оқырманға сенімді дереккөзден тексерілген және тәуелсіз ақпарат алуға мүмкіндік беріп, атышулы мәлімдеме жасауға құмар тұлғалардың тарататын ақпаратына барынша мұқият болуына септігін тигізу.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK