Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

401
Фото Д.Сағындықов

Талдықорғанда  Алматы облыстық соттың ұйымдастыруымен арнайы еске алу өтті.  Шара 9 мамыр Жеңіс күні мен 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне арналған. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды »  ұранымен қолға алынған осы бастама да жалпы сот саласының қызметкерлері «Даңқ» обелискісіне гүл шоқтарын қойып,  елі үшін, жері үшін шейіт болған боздақтар рухына тағзым етті.

фото Д.Сағыдықов

Жиналған  қауым алдында сөз алған облыстық соттың төрағасы Мейрамбек Таймерденов: « Тарих парағында Ұлы Жеңіс күні болып мәңгілікке жазылып қалған  9 мамырдың барлық ұрпақтар үшін мән-мағынасы зор. Себебі, бұл күн біздің халқымыздың батылдығы мен батырлығының айқын айғағы. Ал, батыр бабалар өздерінің қайтпас қайсарлығы арқылы кейінгілерге өшпес үлгі өнеге сыйлап кетті. Құрмет, ар-намыс, шыдамдылық, махаббат, адалдық сынды қасиеттер ардагерлеріміздің Отан қорғау жолындағы басты ұстанымы болған. Мен осы асыл қасиеттерді, Ұлы күнді еске алып, құрметтеп, халқымызға зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» — деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK