Құрметті талдықорғандықтар

325
дереккөз

Қадірлі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қызметкерлері, офицер мырзалар мен сарбаздар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ, қайтпас қайсарлығы, қаһармандығының арқасында халықаралық қауымдастықты мойындата білді. Қарт тарихтың қатпарларында аты аңызға айналған талай баһадүрлеріміз бен кешегі Ұлы Отан соғысы жылдары ерліктің биік шыңына шыққан батырларымыздың сара жолын жалғастырған бүгінгі айбынды әскеріміз, жеңімпаз Армияның мұрагерлері. Тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, ел мерейін асқақтату жолындағыабыройлы істеріңізге жеміс тілейміз. «Әр сарбаз генерал болуды армандайды» – деген қанатты сөздің іске ұласуын, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

Талдықорған қаласының әкімі                       Қалалық мәслихаттың хатшысы    

                   Б.ҚАРАСАЕВ.                                                   Қ.БҰЛДЫБАЕВ.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK