Мерген ата

529

Отан үшін аянбай қан майданға аттанып,  тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен  батырлардың ерлігі мәңгілік жадымызда.   Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан  ардагерлердің бірі- Борамбаев Хасан  Хисметұлы   Алматы облысы, Ескелді ауданы Елтай ауылында  1925 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген.

1942 жылы әскер қатарына  шақырылып, Қиыр Шығыстағы қысқа мерзімді әскери дайындықтан өтеді. Осыдан соң, 25-ші десанттық гвардия полкінің құрамына жіберілген.  Жауынгер 1943 жылдың желтоқсанында ІІ Украин  майданындағы  345 атқыштар құрамындағы 303 мергендер сабына барып қосылады. Кировоград, Яссы, Воронеж, Рыбница қалаларындағы жауды жоюға  атсалысады.  Хасан Хисметұлы  8 жылға жуық шайқас шебінде  неше мыңдаған шақырым жолды  басып  өтті. Венгрия, Румыния, Австрия, Чехославакия елдерін  азат ету-сарбаздық жолы.

1950 жылы елге оралып,  ұзақ  жыл Талдықорған малшаруашылығы техникумында  жұмыс жасады.  Комсомол ұйымында жемісті жұмыс атқара білді. Ұстаз  саяси экономикадан сабақ беріп, зейнеткерлікке шығады.

 Хасан ата «Қызыл жұлдыз», І дәрежелі «Отан соғысы», «Венаны азат еткені  үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін» және  басқа  14 мерекелік медальмен марапатталған. Талдықорған қаласының Құрметті азаматы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK