Жаңа жобаның таныстырылымы өтті

505
Фото авторы А.Смағұлова

Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты “Ақпараттық — аналитикалық орталық” мекемесінің  ұйымдастыруымен  “Smart қауіпсіз мектеп”  пилоттық жобасының таныстырылымы өтті.

Фото авторы А.Смағұлова

Елбасы “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында: “Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек”-деп атап өткен болатын. Осы орайда “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы жобада робототехникалар, 3D-принтер, арнайы мектепке дейінгі, орта және жоғары оқу орындарына арналған интерактивті парталар және осы аппараттарға қосымша сенсорлы интерактивті тақталар таныстырылды. Айта кетейік, аталмыш құрылғылар биылғы жылы қаламыздағы №4, №10, №26 орта мектептерге орнатылатын болады. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев “Бұл жобалар алдағы уақытта оқушыларымыздың білімге деген құштарлығын арттыратынына кәміл сенеміз. Өйткені “Цифрлық Қазақстан” адам білімін одан әрмен  жетілдіру үшін жасалуда”- деді.

Фото авторы А.Смағұлова

Шара барысында Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының және AK CENT MICROSYSTEMS компаниясының мамандары Талғат Сүндетов пен Асқар Құрымбаев  ұстаздар мен оқушыларды құрылғылардың жұмыс жасау тәсілімен таныстырды.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK