Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ұлыбритания командасын жеңді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бірінші ойында отандастарымыз Венгрия құрамасын 3:0 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолы да спортшыларымыздың асығы алшысынан түсті. Қазақстан және Ұлыбритания командалары алғашқы кезеңде ұпай жағынан тең түсті. Ойынның үшінші минутында ұлыбританиялықтар алғаш болып есеп ашса, он бесінші минутта отандастарымыз таразы басын теңестірді.

Ал, екінші кезеңде Қазақстан құрамасы басымдылық танытып, қарсыластарының қақпасына шайбаны қарша боратты. Нәтижесінде, біздің хоккейшілер 6:1 есебімен Ұлыбритания командасын ойсырата ұтты. Қазақстандық хоккейшілер енді Италия құрамасымен кездесетін болады.

Айта кетейік, бірінші дивизионда бірінші және екінші орын алған құрамалар элиталық дивизионға өтеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK