Бірлігі жарасқан ЖМУ

351

Текелі қаласының маңындағы «Қарлығаш» лагерінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған «Бірлігі жарасқан ЖМУ» атты мерекелік іс – шара өткізілді.

Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен шараға 300 ден астам университеттің оқытушы – профессорлары мен қызметкерлері қатысты. «Қарлығаш» лагерінде ақ дастархан жайылып, Наурыз көже молынан таратылып, келген қонақтар палау мен ыстық бауырсақтан дәм тәтті. Ақ түйенің қарны жарылды десек те артық емес. Мереке дастарханында түрлі тағамдар мен керемет көніл күй орын алды.


Жиынға «Думан» мейрамханасы демеушілік көрсетті. Демалыс орнының аумағында қазақ үйлер тігіліп, кілемшелер төселді.
Сонымен – ақ жиналған қауымға «Шағала » би ансамблінің арулары «Шашу» биін ұсынды. Алғашқы сөз ректор, г.ғ.д., профессор, Қуат Маратұлы Баймырзаевқа берілді.
Наурыз мейрамы қазақи дәстүрдегі той салтанымен жалғасты. Қазақ салтын насихаттау мақсатында қыз ұзату көрінісі қойылып, жеті нан таратылды. Арқан тартыс, гір көтеру, асық ату, бұқа сайыс, ләңгі тебу, қошқар көтеру сияқты спорттық ойын түрлері болып, жеңімпаздар қомақты сыйлыққа ие болды. Білімгерлер тарапынан «Мереке», «Отанға ода», «Қазақ осы», «Екі жирен», «Асыл арман», «Аманат», «Бақытты әйел», «Тойға тілек» сынды ән – шашулар тарту етілді.


Көптің көңілінен шыққан мереке ойдағыдай өткізіліп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.
Наурыз мерекесі Кәсіподақ ұйымы және Жетісу мемлекеттік университеті ұжымы арқасында көнілді әрі қызықты өтті.

Гүлайым МҰХАМЕТҚАЖИЕВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK