Халық ауыз әдебиетінің маңызы

535
Конференция

Талай ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл мұрамыз ауыз әдебиетінің халқымыз үшін маңызы зор. Себебі, онда ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолынан, тарихынан, тыныс-тіршілігінен, аңсаған асыл армандарынан сыр шертіледі. Сол бабаларымыздан қалған руханиятымыздың алтын діңгегін балаларға  насихаттау, бойына сіңіру  бүгінгі қауым өкілдерінің парызы екені  хақ.

Осы орайда Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы  әмбебап кітапханасының  ұйымдастыруымен “Халық ауыз әдебиетіндегі ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдердің идеологиялық маңызы” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Зиялы қауым өкілдері білімгерлермен аталмыш тақырып аясында ой өрбітіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ө.Жолдасбеков атындағы академияның Гуманитарлық факультет деканының орынбасары Баян Сағиева “Қазақ халық шығармашылығы”,  “Жетісу балалар кітапханасы” байқауының жеңімпазы Асхат Өмірбаев “Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы”, аталмыш кітапхана директорының міндетін атқарушы Бақтылы Жұмабекова “М.Ғабдулиннің қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында жазған кітаптарына толғам”, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ магистранты Мөлдір Қуандық “Қазақ және түрік мақал-мәтелдеріндегі үндестік” тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, филология ғылымдарының кандидаттары  Дүйсен Аңсабаев пен Сайлау Қожағұлов халық ауыз әдебиетінің бастауы, маңызы жайында тілге тиек етті.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK