Наурыз мерекесі тойланды

264
Наурыз

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің №2 жатақханасында студенттерге арналған Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі тойланды. Алғаш рет ұйымдастырылған жиында қазақ үйлер тігіліп, дастархан жайылып, қазақтың салт – дәстүрін насихаттау барысымен ерекшеленді.

Наурыз

Алғашқы сөзді университет ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаев алып, өзінің ақ тілегін жеткізді. Сәуір айында «Менің үйім» атты жарияланған байқаудың нәтижесін айтып, «Үздік қабат», « Ең жайлы үй», «Авторлық стиль», «Ең жақсы ер бала бөлмесі», «Ең жақсы қыз бала бөлмесі» сияқты номинациялар бойынша жеңіп алған бөлмелерді марапаттап, сыйлықтар тапсырылды. Сонымен бірге жатақхана алаңын көгалдандыру мақсатында алма ағаштары отырғызылды. Ата — баба салтын жалғастыратын кішкентай сәбиге ат қою рәсімін де назардан тыс қалдырмады. «Нұр» мешітінің наиб имамы Әбіләкім Ибрахим мырза барлық қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, мұсылман жолымен балаға Ибраһим атты есімді қойды. Аталмыш жиын қазақтың ұлттық, спорттық ойындарымен жалғасты. Гір көтеру, арқан тартыс, асық ату, бұқа сайыс, ләңгі тебу, қымыз ішу сынды ойындардан өткізіліп, қатысқан студенттер жүлделі орындарға ие болды. Екі жатақхана студенттерінің арасында жасалынған сайыс қызықты да, тартысты болды. Сондай – ақ, ұлттық тағам Наурыз көжеден дәм татып, ән айтылып, биден шашу шашылды.

Алдағы уақытта жатақхана студенттеріне арналған Наурыз мейрамы өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Гүлайым МҰХАМЕТҚАЖИЕВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK