Талдықорғандық аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқалар» табысталды

130

Бүгін қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы алтын құрсақты аналарға «Алтын», «Күміс алқа» наградаларын табыс етіп, жылы лебізін білдіріп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиынға, 6 ана отбасыларымен келіп, ерекше толғаныста болып, құрмет төрінен көрінді.

«Халық даналығында, «Ана деген бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербетеді» деген ұлы сөз бар. Бұндай теңеу бекер емес.
Бұған дәлелі, баланы өмірге әкеліп қана қоймай, оған тәлім-тәрбие, сапалы білім беру, үлкен өмірге аттандырып, жеке тұлға болып қалыптасуына бағдар беретін жан ол әрине – АНА!», – деді қала әкімі.

Айта кетейік, бүгінде Талдықорғанда 200 мыңнан аса халық тұрса оның, 6 мыңнан астамы көп балалы аналар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз