Жас суретшінің жеке көрмесі өтті

541
Көрме

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Әубәкір Ысмайыловтың 105 жылдығы аясында жас суретші Мөлдір Қасымбекованың «Ұрпаққа аманат» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Мөлдір қаламыздағы «Балалар көркемсурет мектебінде» білім алып, қазіргі таңда І.Жансүгіров атындағы ЖМУ талантын шыңдауда. Жас дарын иесінің бағындырған белестері де аз емес. 2013 жылы  Нью-Йорк қаласында өткен «LYRICAL FANTASY» атты халықаралық көрмеге қатысқаны үшін «Алтын қыран»  медалімен марапатталды. Ал, 2017 жылы  Қазақ КСР-інің және КСРО-ның халық суретшісі, қоғам қайраткері Қ. Телжановтың 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық студенттік пленэрге қатысып, ІІІ орын иегері атанды. Болашақта өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қылқалам шебері атануды мақсат етеді.  Жеке көрмесінің ашылу салтанатында ҚР суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы, академик, профессор Ермұхан Жүнісхан, Жетісу мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және өнер факультетінің» деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ерлан Өтегенов, Жетісу Мемлекеттік Университетінің профессоры Жақан Шелбайұлы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Балалар көркемсурет мектебінің» директоры Серікқали Мырзатаев жас суретшіні құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Айта кетейік, көрермендер көрмені  бір ай көлемінде тамашалай алады.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK